Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты екенін атап өтті. 16 наурыздағы жағдай бойынша су тасқыны жағдайының көріну фактілері байқалмады, елді мекендер мен басқа да объектілерді су басу жағдайлары тіркелмеді.
15 ақпаннан бастап ТЖД-ның мобильдік топтары олардың дайындығына мониторинг жүргізу мақсатында тұрақты негізде елді мекендерді аралауда.
15 наурыздан бастап облыс аумағында әкімнің өкімімен жоғары дайындық режимі енгізілді, облыстық су тасқынына қарсы штабтың жұмысы тәулік бойы режимге ауыстырылды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында материалдық-техникалық құралдардың қорлары дайындалды, 130 км су бұру траншеялары кесілді, елді мекендерде 167 км каналдар мен арықтар тазартылды, автомобиль жолдарында 4,5 мың бірлік су өткізу құбырлары және 461 көпір тазартылды. 149 елді мекен, 99 жол учаскесі ерекше бақылауға алынды. Сондай-ақ облыстың барлық 237 су шаруашылығы құрылыстары бақылауға алынды, - делінген хабарламада.
Халықпен үгіт-профилактикалық жұмыстар жандандырылды. Барлығы 434 жиын өткізіліп, 20 мыңнан астам адам қамтылып, жадынамалар таратылды.
Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында 13 наурыздан бастап Департаменттің құтқару бөлімшелері өзендердің қауыпты орындарында мұзды кесу және бұрғылау жұмыстарын бастады. Жұмыс жалғасуда.
Көктемгі кезеңдегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жеке құрамның 3 мыңнан астам адамы 1388 бірлік техника, 66 жүзу құралы, 360 су айдау техникасы бар күштер мен құралдар топтамасын іске қосу жоспарлануда.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы облыс тұрғындарын еріген суларды кедергісіз бұруды қамтамасыз ету мақсатында аулаларда қар тазалауды,су өткізу құрылыстарын және жеке (меншікті) аумақтағы қар мен қоқысты тазалауды қамтамасыз етуге шақырады.
Су тасқыны жағдайларының кез келген көріну фактілері туралы, су тасқыны жағдайының күрделенуі кезінде департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметіне 43-36-36, 43-37-37 немесе 112 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Жағдай ерекше бақылауда.