Қарағанды облысында самосвал 5 адам отырған көлікті басып кетті

31 Тамыз 2022, 10:09
2403
Бөлісу:
Қарағанды облысында самосвал 5 адам отырған көлікті басып кетті
Фото: t.me/patriot_patriot

«Қазақмыс» көмір кенішінде самосвал бес жұмысшы мінген автокөлікті басып кетті, екеуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Ақпаратты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

28 тамызда «Молодежный» разрезінде БелАЗ автокөлігінің жүргізушісі, бұрыла бергенде УАЗ автокөлігін басып кеткен.  Апаттың алдарынан УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, осы көліктің тағы үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады ПД.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 156-бабы, 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себебін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы