Қарағанды облысында жыл басынан бері қос азаматтыққа қатысты 400-ден астам дерек тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасымен азаматтар арасында қос азаматтық мәселесін анықтау бойынша үнемі жұмыс атқарады. Мәселен, жыл басынан бастап өңірде өзге елдің азаматтығы болу немесе алуға байланысты 400-ден астам қос азаматтық дерегі тіркелген. Осыған орай 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қолданыста бар заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар адам, өзге елдің азаматтығын қабылдаса 30 күн ішінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына келіп, Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке бас куәлігін тапсыру керек. Тапсырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-тармағына сәйкес елден шығару және Қазақстан Республикасы аумағына кіруге 5 жылға дейін шектеу қою, сонымен қатар 738 400 теңге айыппұл қарастырылған, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марина Тен.