Қарағанды облысының жолдарында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 наурыз күні сағат 11:20-да Осакаров ауданында «Приишимское ауылы-Шоқай станциясы» жергілікті маңызы бар автожолында құтқару операциясы жүргізілді. Осакаровка кентінен 53 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД күшімен автомобильдер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Көліктерде барлығы 10 адам болды, медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының ТЖД ауа райы нашарлаған кезде алыс сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.