Бүгін Қарағанды облысы Абай ауданы Ялта ауылынан 8 шақырым жерде үш адам мінген жеңіл автокөлік қарда қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары көлікті тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарды. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарылған азаматтар көрсетілген көмек үшін ТЖМ қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді.