Қарағанды облысында қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды

Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған екі азамат құтқарылды, хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 1 Ақпан 2025 2025, 19:14
1 Ақпан 2025 2025, 19:14
563
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған екі азамат құтқарылды, хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен құтқарушылар көлікті қардан шығарып, жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ қыс мезгілінде жолға шыққанда сақтық шараларын ұмытпауды және ауа райының құбылмалығын ескеруге кеңес береді.

Наверх