Қарағанды облысында полицейлер заңсыз балық аулаушыларды анықтады

Бүгiн, 16:50
134
Бөлісу:
Қарағанды облысында полицейлер заңсыз балық аулаушыларды анықтады
Фото: BAQ.KZ -архив

Қарағанды облысында полицейлер рейд барысында заңсыз балық аулаудың екі дерегін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері Бұқар-Жырау ауданына қарасты Ынтымақ су қоймасы маңында жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында, үрмелі қайықпен заңсыз балық аулап жүрген 45 жастағы азаматты ұстады. 

Тәртіп сақшылары күдіктінің қайығынан әртүрлі түрдегі 136 келі балық тәркіледі. Келтірілген шығын көлемі 740 мың теңгені құрады. Арада бірнеше уақыт өткен соң, тәртіп сақшылары осы су қоймасының аумағынан 31 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көліктің ішінде екі жолаушы болған. 

Тексеріс барысында жүк салғыш бөлігінен әртүрлі түрдегі 190 келі балық тәркіленді. Табиғатқа келген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады. Екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы