Қарағанды облысында өзендерді санациялау жобалары жүзеге асырылып жатыр

22 Қыркүйек 2022, 17:44
1411
Бөлісу:
Қарағанды облысында өзендерді санациялау жобалары жүзеге асырылып жатыр

Қарағанды облысында желтоқсанға дейін Нұра, Ақбастау және Солонка өзендерін санациялау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл жобалар 2021–2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупін азайту жөніндегі республикалық Жол картасы шеңберінде іске асырылуда.

Теміртау қаласы, Чкалово және Садовое ауылдары маңында Нұра өзенін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Осакаров ауданында ұзындығы 3,5 км Ақбастау өзені, Қарағанды қаласының Рабочий кентінде ұзындығы 7,2 км Солонка өзені санацияланады. Бұл жобалардың әкімшісі – Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Бұдан басқа, Нұра өзенінде Жол картасынан тыс жұмыстар жүргізілуде: Ғ. Мұстафин кентінен Самарқанд су қоймасының кіреберісіне дейінгі ұзындығы 4,2 км арна учаскелерін және Шахтерское ауылы мен Байтуған ауылы арасындағы ұзындығы 17,2 км өзен учаскелерін санациялау өткізілуде.

Нұра өзенінің Қ. Сәтбаев атындағы каналының ұзындығы 2,4 км ауданындағы учаскесінде санация жүргізуге. Конкурстық рәсімдер аяқталды.

Инженерлік жұмыстардың облыстық жоспары бойынша биыл 5,8 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, өзен арналарының 14,5 км су тасқыны қаупі бар учаскелеріне санация жүргізілді, 13,9 км дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды. Автомобиль жолдарының төрт учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, бес су шаруашылығы құрылыстарына жөндеу жүргізілді.

Облыста 2015–2022 жылдар аралығында барлығы 260,1 км қорғаныс бөгеттері мен біліктер тұрғызылып, нығайтылды, 120 км өзен арналарын қорғау және түбін нығайту, түзету және кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы