Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесі мас күйінде көлік жүргізген аудан әкімін жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ"Astana TV" сілтеме жасап.
Қарағанды облысындағы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесі Бұқар Жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі Құсайыновқа қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу бойынша істі қарады. Кент әкімін атқарып отырған мемлекеттік қызметінен босату ұсынылды, - деді Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қарағанды облысы бойынша "Әділдік жолы" РҚБ басшысы Рустам Танишпеков.
Әкімнің мас күйінде көлік тізгіндегені алғашқы рет емес екені белгілі болды.
Бұған дейін шенеунік 2018 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша қызметтік көлікті мас күйінде басқарғаны үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша 2020 жылы шенеунік жүргізуші куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл үшін әкімге ескерту жасалды.