Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

7 Маусым 2023, 09:16
646
Бөлісу:
Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облыстық Полиция департаментінде киберқылмыстармен күресетін жаңа бөлініс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер және криминалистер кірді. Сондай-ақ, киберкеңістігіндегі қылмыстармен күресуге жетекші ІТ-компаниясының мамандарымен Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері тартылып отыр.

Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

«Киберпол» арнайы бөлінісінің жұмысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев танысты.

Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

Біз интернет-алаяқтығы қылмысымен күресудің жаңа тәсілін қолдануға шешім қабылдадық. Жәбірленушілердің арызы енді «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады. Жедел уәкілдер, тергеушілер және криминалистер бір жерде қызмет атқаратын болады. Бұрындары жәбірленушілердің арызы бір адамнан екінші қызметкерге өтетін. Сөйтіп біз бұл аралықта 3,4 күн уақыт жоғалтатынбыз. Қазір жәбірленушілердің ақшасы басқа қолға өтпеу үшін бұғаттау жұмыстарын жасауға мүмкіндігіміз бар, - деді Облыстық полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

Киберпол арнайы бөлінісі цифрлық лабораториямен жабдықталған. Бөліністегі мамандар гаджеттерді бақылау арқылы интернет-алаяқтарының жасайтын бағдарламаларын да анықтауға мүмкіндігі бар.

Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

Киберқылмыспен күресетін бөлімнің ашылуы уақыт талабы. Интернет пен цифрлық технологиялардың өмірімізге сіңісіп кеткендігі соншалықты біз кей жағдайларда бірқатар сілтемелердің қаншалықты қауіпті екенін де аңғармай қаламыз. Полиция қызметкерлері тарапынан алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан, тұрғындарымыздың алаяқтардың құрығына түсіп жатқан тұстар да жиі кездеседі. Сондықтанда бұл қылмыс түрімен күресуге жаңа тәсілдер қажет, - деді Ермағанбет Бөлекбаев.

Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

Қазіргі уақытта аталған бөліністің жеткен жетістіктері де жоқ емес. Өткен аптада киберпол қызметкерлерімен алаяқтықпен айналысқан екі қылмыстық топ құрықталды. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің өндірісінде бүгінгі күнге дейін алаяқтық дерегіне байланысты 400 қылмыстық іс бар.

Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады
Қарағанды облысында «Киберпол» арнайы бөлінісі жұмысын бастады

Айта кету керек соңғы 4 жыл ішінде интернет-алаяқтарынан жәбірленушілерге келген шығын көлемі 3,5 миллиард теңгені құраған. Полиция бөлімдеріне тұрғындардан 5 мыңнан астам арыз түскен.

Өзгелердің жаңалығы