Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында екі ЖЭО күрделі жөндеуден өтіп жатыр

28 Тамыз 2025, 08:48
390
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Қарағанды облысында екі жылу энергия орталығы (ЖЭО) күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады деп жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.KZ арнасына сілтеме жасап.

Аймақта алдағы жылу маусымына дайындыққа 116 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның есебінен қала мен аудандарда 60 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Әсіресе құрылыс қарқынды жүріп жатқан Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында үйлерді жылытуға қосымша 2,5 шақырым жаңа құбыр тартылды.

Энергетика және ТҮКШ басқармасы өкілдерінің айтуынша, өңірдегі 1152 шақырым жылу желісінің 64 пайызы тозған. Жыл сайын тозуды 2 пайызға төмендету көзделген, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр.

Қазір Қарағандыдағы үшінші ЖЭО-да қазандық пен екі турбина жөнделуде. Бұл орталық қаладағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың 80 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Бірінші ЖЭО-да да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Аймақтағы жеті ірі ЖЭО-ның барлығы қысқа дайындық үстінде. Еске сала кетейік, былтыр Саран қаласында 77 көпқабатты үй бірнеше күн жылусыз қалған болатын. Бұған жаңа ЖЭО-ның қалыпты параметрге дер кезінде келмеуі себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы