Қарағанды облысында екі қысқы спартакиада өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ХХХІІ облыстық қысқы ауылдық «Қарлы қыс – 2022» спартакиадасы және ХІХ қысқы «Ақ қыс – 2022» спартакиадасы басталды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

25 Ақпан 2022 2022, 00:17
АВТОР
 25 Ақпан 2022 2022, 00:17
25 Ақпан 2022 2022, 00:17
1658

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ХХХІІ облыстық қысқы ауылдық «Қарлы қыс – 2022» спартакиадасы және ХІХ қысқы «Ақ қыс – 2022» спартакиадасы басталды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

Жарысқа өңірдің барлық қалалары мен ауылдық аудандары қатысады.

Жарыс бағдарламасына спорттың төрт түрі енгізілген: қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы (эстафета), шайбалы хоккей және конькимен жүгіру спорты.

Әр команданың құрамына 31 адам кіреді. Қатысушылардың жасы 18 жастан жоғары.

Спартакиадалар «Ақжолтай» мұз спорт сарайында, Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында, қысқы спорт түрлері бойынша БЖМСМ шаңғы базасында және «Шахтер» стадионында өткізіледі.
Наверх