Қарағанды облысында дауылдан зардап шеккен үйлердің шатыры қалпына келтірілуде

22 Қараша 2023, 04:30
508
Бөлісу:
Қарағанды облысында дауылдан зардап шеккен үйлердің шатыры қалпына келтірілуде
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында өткен демалыс күндері 111 ғимарат пен үйлердің дауыл жұлып әкеткен шатыры қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыда 33 нысанда жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде ТЖ режимі жарияланды. Тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің шатырлары жергілікті бюджет есебінен қалпына келтірілмек.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс басталып кеткен нысандарды аралады. Аймақ басшысы бір айдың ішінде барлығын қалпына келтіруді тапсырды, бірақ сапаға нұқсан келмеуі керек.

Барлық жауапты тұлғаларға мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы