Қарағанды облысында далалы алқап өртеніп жатыр

22 Маусым 2022, 21:11
1179
Бөлісу:
Қарағанды облысында далалы алқап өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт болып жатқан жерде  280 адам, 44 техника, 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

Қарқаралы ауданындағы Кувский орманшылығының аумағындағы өртті жоюға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувский шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті полиция қызметінің, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өрт болып жатқан жерде  280 адам, 44 техника, 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ авиациясы өртті сөндіруге жұмылдырылды, ол 17:00-ге дейін 12 рет су шашқан. 

Қабылданған шаралардың арқасында алдын-ала болжам бойынша 250 га  алаңда өрт  ауыздықталды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Лапылдап жанып жатқан жер жоқ. Бұталар мен шөп бықсып жанып жатыр. Қазіргі уақытта түтінді өшіріп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бұқар Жырау ауданы аумағындағы Белағаш орман шаруашылығында 100 га және 1,5 га орман алқаптарында құрғақ шөп өртенген табиғи өртті жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт 22 маусым күні таңерертең ауыздықталды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нен  ҚР ТЖМ 52859 ә/б, өртке қарсы ерікті құралымдардан, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдарынан 142 адам мен 27 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы