Абай ауданы ПБ әкімшілік полициясының аға инспекторы Василий Бусовқа Көксүн кентінің аумағында жалғыз бұлан жүргендігі туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл өңірде сирек кездесетін жабайы жануардың қалай пайда болғаны жұмбақ. Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшысы сол аумаққа барды.
Жануар ағынды суға түсіп кетіп, өзен жағасының қолайсыздығы салдарынан шыға алмай қалған. Содан кейін жақын маңдағы бірнеше фермерлер келді. Үркіген бұлан ешкімді жолатпай, арық бойымен тынымсыз жүре берді. Осылайша үш сағаттан астам уақыт өтті. Ыңғайлы сәтті пайдаланып, жануардың мойнына арқан лақтырдық. Содан кейін барлығымыз бірлесіп жағаға шығарып алдық, – дейді Василий Бусов.