Қарағанды облысында жол жөндеушілер Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара республикалық трассасының бір бөлігін жөндеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталмыш жол өңірді Баянауыл курорттық аймағымен байланыстырады. Бұрын жол нашар болатын.
Ағымдағы жол-құрылыс маусымында мамандар жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара республикалық автотрассасының бір бөлігін жөндеп жатыр. Жұмыстар Үміткер кентінен Ботақара кентіне дейінгі жол учаскесінде жүргізілуде, – делінген "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазірдің өзінде 40 км-ден астам жол ретке келтірілген. Жол беті салқын қайта өңдеу технологиясымен жаңартылды. Жаңа су өткізгіш құбырлар орнатылды.
Жұмысқа 35-тен астам арнайы техника мен 50-ге жуық маман тартылды.
Жазғы маусымның соңына дейін тағы 20 шақырымды жөндеу жоспарлануда.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мамандар жолға белгі қояды.