Қарағанды облысында банктің бұрынғы менеджері несиелерді заңсыз рәсімдеген

Қарағанды облысының Осакаров ауданында зейнеткерлерге қатысты жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікті анықталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:53
Бүгiн 2026, 19:53
158
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қарағанды облысында банктің бұрынғы қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полицияға 67 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз тұлға оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегені туралы арызданған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы банктің бұрынғы менеджері анықталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған. Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген. Алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.

Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілердің егде жастағы азаматтар екені анықталды. Сонымен қатар, полицияға күдіктінің әрекеттеріне байланысты тағы алты арыз түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылануда, - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда полицейлер көшеде есінен танып қалған бойжеткенді құтқарды

Тағы оқи отырыңыздар:

Жамбыл облысында енесінің атынан несие алған келін сотталды.

Талдықорғанда бопсалаушылар таныстарын қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген.

Өзбекстанда алимент төлемейтіндердің несие алу мүмкіндігі шектеледі.

Наверх