Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды

15 Қыркүйек 2025, 09:07
634
Бөлісу:
 Қарағанды облысы ПД
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысында дизель отынын ұрлаудың ауқымды схемасы әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды

Арнайы операцияны Қарағанды облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және Көліктегі полиция департаментінің Қарағанды-Сұрыптау Желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізді.

Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек құжатталды. 17 күдікті қолға түсіп, олардың заңсыз әрекеттеріне қатыстылығы тексерілуде. Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелген атыс қаруы, 26 дана оқ-дәрі, 7 ұялы телефон және есірткі заттары тәркіленді, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды
Қарағанды облысында арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды
Өзгелердің жаңалығы