Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрафактілік алкоголь өнімін дайындау және өткізу фактісінің жолын кесті. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Әлібек Абдилов айтты.
Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан жалға алынған қоймада суррогат алкоголь өнімін өндіретін астыртын цех ұйымдастырылып, кейіннен Қарағанды облысының базарлары мен дүкендері арқылы өткізілгені анықталды, - деді Абдилов.
Оның айтуынша, тінту кезінде бірқатар заңсыз зат табылған.
Тінту кезінде жалпы көлемі 10 мың литрге жуық 4 мың дана суррогат спиртінің пластикалық бөтелкелері, 500 литр көлеміндегі 100 дана пластикалық ыдыстар, жалпы көлемі шамамен 12 мың литр 20 мыңнан астам дана әр түрлі шарап және арақ өнімдері тәркіленді.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, өндірілген және өткізілген өнімнің барлық көлемін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді ол.