Қарағанды облысында қоқысты сұрыптап, ақша алуға болады

4 Сәуір 2019, 11:54
2645
Бөлісу:
Қарағанды облысында қоқысты сұрыптап, ақша алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғындары қоқыс тапсырғаны үшін ақша ала алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық әкімдікте кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі консультативтік-кеңес беру органның отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды өндіру және сұрыптау жобасы таныстырылды. 

"Қазақстанда қоқысты бөлек жинауды жүзеге асыру жоспары әзірленді. Алайда, тұрғындар қалдықтарды сұрыптаудың қандай пайдасы бар екенін әлі де білмейді. Біздің компанияның міндеті – бұл мәдениетті насихаттау", - деді Теміртау қаласының кәсіпкері Әлішер Айдаров.

Ол Осакаров кентінде қайталама шикізатты қабылдау пунктін ашуды және ТҚҚ полигонында жылжымалы сұрыптау кешенін орнатуды ұсынды.

Кәсіпкер сұрыпталған қоқысты тапсырғаны үшін ауыл тұрғындары ақша алатын болады деп атап өтті. Прайс парақшалар қалдықтарды қабылдау орындарында орналастырылады. 

Жобаны мамыр айында іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорын түрлі қалдықтарды қабылдайтын болады: қағаз, пластик, металл, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайдаланған химиялық тыңайтқыштар мен отын.

Кеңес жас кәсіпкердің идеясын қолдады. Жергілікті билік қажетті көмек көрсетуге уәде берді. Қайталама шикізатты қабылдау пункттері тек аудан орталығында ғана емес, Молодежный кентінде де, сондай-ақ ауданның ауылдық округтерінде пайда болады.
 
Жобаны іске асыру екі қос әсер береді: экологияны жақсарту және ауылдағы жаңа жұмыс орындары.

Жобаның бастамашылары ауыл тұрғындарының қатысуымен әлеуметтік желілерде экологиялық челленджді іске қосуды көздеп отыр. Қазіргі таңда аудан оқушылары эко-қозғалыс қатарына қосылды. Олар "ЭКО буын" көрмесінде өз идеяларын ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы