Қарағанды облысында 6 мыңнан аса микро және ШОБ жобасына қолдау көрсетілді

24 Тамыз 2022, 11:30
1123
Бөлісу:
Қарағанды облысында 6 мыңнан аса микро және ШОБ жобасына қолдау көрсетілді

 Қарағанды облысындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жылына өзінің кәсібін ашқысы келетін ниетпен 2000-нан астам адам келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында жыл сайын микро мен ШОБ өкілдерінің тізімі артуда. Кәсібін ашып жатқандарға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы ісін сауатты жүргізуге көп көмек көрсетуде. 

Қарағанды облысында «2021-2025 жылдар аралығында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны» жүзеге асыру аясында 4 мыңнан аса микробизнес және 2 мыңнан аса ШОБ өкіліне қолдау көрсетілді. Қазіргі кезде, бизнесте, қызмет көрсету саласына сұраныс артып отырғандығын атап өту керек. Сонымен қатар, соңғы кезде жүк тасымалдау саласына да сұраныс артуда, - деп атап өтті Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Меруерт Қасымова.

Қарағанды облысында 6 мыңнан аса микро және ШОБ жобасына қолдау көрсетілді

Ұлттық жобаның аясында қолдауға ие болған кәсіпкерлердің бірі Перизат Құлымбетова. Оның шағын «Алтын Өрнек» тігін цехы ұлттық нақышта бұйымдар тігеді. 

Өзімнің микро-бизнесімді бастар алдында мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына бардым. Ондағы клиенттерге қызмет көрсету орталығында маған бизнесімді қалай тіркеу, қандай құжаттар жинау керектігін егжей-тегжейлі айтып берді. Сәуір айында ісімді бастадым. Бірақ, қазірдің өзінде менің шәкірттерім Шанельден шақырту алды,- деді кәсіпкер Перизат Құлымбетова.

Қарағанды облысында 6 мыңнан аса микро және ШОБ жобасына қолдау көрсетілді

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы маркетологтарының кеңесі арқасында «Prima piz-ға» италияндық пиццериясының иесі Ботагөз Жұмажанова да өзінің бизнесін құрды. 

Пиццерияны ашқым келгенде қаржы мәселесә туындады. Мен кісәпкерлер палатасына жүгіндім, олар микронесие алу үшін қажетті құжаттар тез әрі сауатты жинауға көмектесті. Осылайша кәсібімді аштым. Болашақта «Іскерлік байланыстар» бағдарламасын пайдаланып, пиццерияның отанына барып, оны дайындау технологиясымен таныссам деген жоспарым бар, - деді Ботагөз Жұмажанова.

Қарағанды облысында 6 мыңнан аса микро және ШОБ жобасына қолдау көрсетілді

Тағы бір сұранысқа ие сала – балаларға қосымша білім беру. «Қарақат» мектеп-студиясы Қарағандыда екінші филиалын ашты. 

 Біз жолдасым екеуміз грант алу үшін байқауға қатысып, 5 млн теңгені ұтып алдық. Бұл қаржыға франшиза мен музыкалық аспаптар сатып алдық. Біраз уақыттан соң екінші филиалды ашуды ұйғардық. Сол кезде біз өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіндік, олардың кеңесшілері микронесие алуға құжаттарымызды рәсімдеуге көмектесті,- деді мектеп-студияның жетекшісі Айжан Аманжолова.

Өзгелердің жаңалығы