Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді

Кеше, 10:18
172
Бөлісу:
Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты – екі жаңа қоршауда енді бразза маймылдар тұрады. Бұл Хлебы қаласы (Чехия) зоологиялық саябағының сыйы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, Чехия хайуанаттар бағынан валлаби жұбы сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдастары, бірақ олардан сәл кішірек.

Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді

Жануарлар табиғатта сирек кездесетін альбиностар.

Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді

Бразза маймылдар біздің хайуанаттар бағына қазан айының соңында келді. Онда бір аталық және екі ұрғашы, сондай-ақ сәби маймыл бар. Осы тұқымдас маймылдар патриархат жүйесін ұстанады.

Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді

Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Түрлі сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық, енді гамак жасағымыз келеді. Бұл қорек талғамайтын маймылдар. Олар тұқымдар, жаңғақтар, маусымдық жемістер, банан, апельсин жейді. Оларға біздің хайуанаттар бағында өсірілген асқабақ пен цуккини ұнайды. Сондай-ақ қайнатылған ет пен балық береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады, - дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Бразза маймылдары 1876 жылы сипаттаған француз зерттеушісі Пьер Саворнян де Браззаның құрметіне аталған. Маймылдар басқа жануарлардың дыбыстарына еліктей алады. Ұрғашылары екі-үш жылда бір күшіктейді.

Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді

Бразза маймылдары ойнақы және алаңсыз өмір сүреді, олардың осы мінезі зообаққа келушілерді қызықтырады.

Өзгелердің жаңалығы