Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды-Екатеринбург халықаралық автобус рейсі қайта жанданады. Бағыт Петропавл, Челябі және Қорған арқылы өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.
Билеттерді автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын онлайн брондау және сатып алу қол жетімді. Төлем интернет, интернет-банкинг және терминалдар арқылы жүргізіледі.
Жүру күні – 23, 26, 30 желтоқсан.
Жүру уақыты – 10:00.