Қарағанды маршруттарына 30-дан астам жаңа автобус шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағандыда қоғамдық көлікті жаңарту жалғасуда. Желіге № 3 автопарктің 34 жаңа автобусы шықты. Олар № 40, 43, 53 және 118 маршруттарына қызмет көрсетеді.
Сыйымдылығы 80 адамға дейінгі автобустар Саранның QazTehna автозауытында шығарылды. Мүгедектер арбасын тасымалдауға қолайлы жағдайлар қарастырылған. Аялдамалардың атаулары электронды тақтада көрсетіледі.
Осы жылдың соңына дейін № 3 автопарк 96 автобус сатып алады. Алпыс қалалық маршруттар, оның 34-і желіге шықты. Қалған 36-сы қала маңына қызмет көрсетуге жіберіледі.
Маршруттарды түсі бойынша бөлінеді деп шешілді: қалалық автобустар жасыл, ал қала маңындағы автобустар көк болады.