28 желтоқсанда сағат 07: 45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетуі орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Орын алған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды.
Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді.
Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.