Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

11 Қазан 2025, 12:50
398
Бөлісу:
 Алматы облысының әкімдігі
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Ұйғыр ауданында заманауи цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Жаңа кеңсе 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін аудан тұрғындары құжат рәсімдеу үшін көрші аудандарға баруға мәжбүр болса, енді барлық қажетті қызметтер бір жерден қолжетімді болып отыр.

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

Аудан тұрғыны Селимам Варисова жаңа кеңсенің ашылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтады:

Бұрынғы орталық ескі, тар әрі суық болатын. Қазір кеңсе кең, жарық, өте ыңғайлы. Бір апта бұрын паспортқа өтініш берген едім, дәл бүгін дайын болыпты. Ресми ашылу күніне тап келгеніме қуаныштымын, – дейді ол.

Жаңа кеңседе қызмет көрсету процесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Мұнда АХАЖ бөлімі, жер кадастры, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты қызметтер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бөлімдер орналасқан.

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды


Бұл жүйе келушілер ағынын тиімді реттеуге, қызмет көрсету уақытын қысқартуға және кезек күтуді азайтуға мүмкіндік береді.

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бұл нысанның ашылуын өңірдің цифрлық даму бағытымен тікелей байланыстырады:

Президентіміздің цифрландыру бағытында берген тапсырмасының бірден-бір көрінісі – осы орталық. Барлық қызмет интернет желісімен толық қамтылған. Келешекте музей салу жоспарда бар. Сондай-ақ кезең-кезеңімен тұрғын үйлер де салынып жатыр, – деді әкім.

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

Аудан тұрғындары үшін бұл жаңа кеңсе маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып отыр. Бұрын күрделі құжат рәсімдеу үшін Еңбекшіқазақ ауданына баруға тура келетін. Енді негізгі қызметтердің барлығы өз ауданында көрсетілмек.

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайды. Құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кеңсе заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

Жаңа цифрлық кеңсе – Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді ашық әрі тиімді ұсынуға бағытталған тағы бір нақты қадам.

Өзгелердің жаңалығы