Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті

2 Шілде 2024, 13:07
235
Бөлісу:
Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытай көлік ведомствосының басшысы Ли Сяопэнмен кездесуі өтті.

Кездесу ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті. Келіссөздер барысында қос тарап көлік инфрақұрылымы саласындағы нәтижелі ынтымақтастық пен екі ел арасындағы түсіністіктің жоғары деңгейі үшін өзара ризашылықтарын білдірді. 

Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті

Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға және сауда-экономикалық іс-қимылды жақсартуға ықпал ететін көлік бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары көлік логистикасы және өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді. 

Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті

Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы