Қара судан да қауіп бар: Суды көп ішіп қойған ер адам қайтыс болды

Бүгiн, 04:31
838
Бөлісу:
Қара судан да қауіп бар: Суды көп ішіп қойған ер адам қайтыс болды
Фото: pixabay.com

Дублиннің 59 жастағы тұрғыны Шон О'Доннелл суды көп ішіп қойып, қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mail басылымының мәліметінше, ер адам суды шектен тыс көп ішкенде болатын гипонатриемия күйіне түскен.

Қайғылы оқиға ауруханада жоспарлы процедурадан соң оған сұйықтықты көп ішуге кеңес бергеннен кейін болған.

Гипонатриемия суды шамадан тыс көп ішу кезінде организмдегі натрий деңгейі төмендеп кеткен кезде туындайды. Бұл электролит тіндердегі сұйықтық деңгейін реттеп отырады. Ол жеткіліксіз болса, су жасушалардың ішіне жиналып, оларды ұлғайтады.

Дәрігерлер әйгілі Брюс Лидің өліміне дәл осы жағдай себеп болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Сарапшылар бір сағаттың ішінде 1,4 литр суды (алты шыныаяқ) бірден ішу өлімге әкелуі мүмкіндігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы