"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді

11 Мамыр 2024, 09:31
619
Бөлісу:
"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді
PHOTO
Фото: автордан

Елордада соғыс кезіндегі қыздардың ерлігін бейнелейтін "Қара қыз" фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді.

"Қара қыз" фильмінің режиссері - Талғат Теменов.

"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді

Бұл оқиға Ұлы Отан соғысы кезінде болады. Бір колхоздан шыққан үш дос Асқарбек, Қарабай және Гриша майданға аттанады. Олардың артынан Асқарбектің әкесі Мұратхан да кетеді, ол майданда ұлын табуға тырысады. Сөйтіп ауылда тек әйелдер ғана қалады.

Ауылда тек Бекжұм есімді бригадир болады. Оның ауыл астығын қарақшыларға сатып жатқанын ауылдың Шолпан есімді тұрғыны көріп қояды. Шолпан ұрлықшыларға астық соғыста жүргендерге арналғанын айтып, қарсы шығуға тырысады. Бірақ ол қарақшылардың қолынан қаза табады.

Фильмде басты рөлдегі "Қара қыз" да ағасы мен ғашығы Асқарбектің артынан соғысқа аттанады. Оның шын есімі – Алмагүл. Алмагүл алдымен Алматыға кинорежисер оқуына түседі. Кейін ол соғыс операторы ретінде майдан алаңына аттанып, соғысты камерасына түсіреді.

Сөйтіп күндердің бір күнінде Алмагүл объективі арқылы соғыс алаңында сүйіктісі Асқарбекті байқап қалады.

Фильм шығарушыларының айтуынша, бұл - ересектерге де, жас көрермендерге де қызықты болатын махаббат, достық, патриотизм және батырлық туралы әңгіме.

"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді

Туындының жабық көрсетілімінде сөй сөйлеген режиссер Талғат Теменов фильмнің жарық көруіне қолдау көрсеткен Мәдениет және ақпарат министрлігіне ерекше алғысын білдірді.

Киноның түсірілімі тез болғанымен, монтажы өте ұзақ болды. Қаржы жетіспей қалды. Десе де фильмнің көрерменге жол тартуына Мәдениет министрлігі, Продюсерлік орталық қолдау көрсетті. Алғысымды білдіргім келеді. Туынды басқа комедиялар сияқты көрермен жинамайтын шығар. Алайда осындай жұмыстар соғыс кезіндегі батырлар үшін, әсіресе олардың соғыста болғанын көрсететін, дәлелдейтін кинолардың бірі деп білемін, - деді режиссер.

"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді

Оның сөзінше, соғысқа қазақтың 7 қызы оператор болып кетіп, өкінішке қарай қайта оралмаған. Талғат Теменов бұл туынды соғыстан оралмаған аруларды еске түсіретін фильм екенін айтты.

Фильмге түскен актерлер үлкен киноға алғаш қадам басқан. Режиссер қазақ актерлері дарынды екенін қоса кетті.

"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, әскери ұшқыш Тоқтар Әубәкіров фильмде басты рөлді сомдаған Алмагүл соғысқа өзі сұранып, ерлік көрсеткенін атап өтті.

Соғыста қазақ қыздары көп болды. Солардың біреуінің тағдырын бүгін фильмнен көрдік. Соғыстың қалай болғанын режиссер көрсетті. Қазақстанымыз үшін осындай оператор қыздар өз жанын қиды. Режиссер фильмде қайсарлық мінезді көрсетті. Оның ыстық махаббатын да көрсете білді, - дейді Әубәкіров.

Ол соғыста болған батырларымызды осындай туындылар арқылы көрсетіп, ұрпаққа қалдыру керегін жеткізді.

"Қара қыз". Соғыста болған оператор қыздардың ерлігін бейнелейтін фильм түсірілді

Ал Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі фильмде Қара қыздың тағдыры арқылы соғыс кезінде ең үлкен ауыртпалықтың қыздарға, әйелдерге, тылдағы аруларымызға түскенін көрсете білгенін айтты.

Бұл фильм майданда болған қыздарымызға қойылған керемет ескерткіш деп ойлаймын. Бұл туында келесі жылы 80 жыл болатын Жеңіске сыйлық деп қабылдаймыз, - деді Дархан Қыдырәлі.

Фильм қалың көрерменге қыркүйек айында ұсынылады

Өзгелердің жаңалығы