Алматы, BAQ.KZ. Қара құрдымды (черная дыра) алғаш фотоға түсірген Event Horizon Telescope жобасының 347 ғарышкері 3 млн доллар алды, деп жазды Научный Факт телеграм каналы.
Ғалымдардың барлығы шетінен бай бола бермейді, алайда кейбір байқаулар мен жүлделі қорлардың арқасында ашқан жаңалығы үшін сыйақымен марапатталып жатады.
Сондай қорлардың бірі Breakthrough Prize-ге Google-дің басшысы Сергей Брин мен Facebook жетекшісі Марк Цукерберг демеушілік еткен. Breakthrough Prize (Жаңалық үшін жүлде) осыдан сегіз жыл бұрын пайда болған және оны «Ғылым Оскары» деп атап кеткен.
Биылғы Breakthrough Prize-нің сыйақы қоры 3 млн долларды құраған және оның лауреаттарының бірі Event Horizon Telescope жобасымен жұмыс істеп жатқан ғарышкерлер командасы болды.
Business Insider басылымының мәліметінше, 2019 жылдың бесінші қыркүйегінде EHT ғарышкерлері осы жылы жаңалық ашқаны үшін 3 млн долларды иеленген. Олар тарихта бірінші болып Қара құрдым планетасын фотоға түсірген. Командадағы әр ғалымға 8,6 мың доллардан сыйақы бұйырған.