Қар жауып, үсік жүреді: 22 сәуірде ауа райы қандай болады

21 Сәуір 2025, 22:27
752
Бөлісу:
Қар жауып, үсік жүреді: 22 сәуірде ауа райы қандай болады
Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" синоптиктері 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, түнде еліміздің шығыс аймағында, Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында топырақ беті қатып, ауа температурасы 1°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың әсерінен жылжыған фронтальды бөліктерге байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Сәйкесінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.

Қазақстан аумағы бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы