"Қазгидромет" 5 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні ел аумағында қолайсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігі әлі де циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.
Осыған байланысты қар жауып, боран соғады, ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы және желдің күшеюі күтіледі.