Қар құрсауынан 2 адам құтқарылды

Қостанай облысында облыстық маңызы бар автожолда жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Көлік ішінде 2 ересек адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ТЖМ / скрин 3 Қаңтар 2026, 01:28
3 Қаңтар 2026, 01:28
718
Фото: ТЖМ / скрин

Қостанай облысында облыстық маңызы бар автожолда жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Көлік ішінде 2 ересек адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, автокөлікті тазаланған жол учаскесіне сүйреп шығарды. Бақытымызға орай, ешкімге медициналық көмек қажет болмады, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірді.

ТЖМ ескертеді:

қолайсыз ауа райында жолға шықпауға,

алдын ала ауа райы болжамын және жол жағдайын тексеруге,

алыс сапарға шығарда байланыс құралдарын дайындауға кеңес береді.

Наверх