Қар мен жаңбыр: Төрт облыста жүргізушілерге ауа райына қатысты ескерту жарияланды

"ҚазАвтоЖол" бірнеше облыстағы ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив 2 Қазан 2025 2025, 19:54
2 Қазан 2025 2025, 19:54
677
Фото: - архив

"ҚазАвтоЖол" бірнеше облыстағы ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылғы 2 қазан кешкісін Абай, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен көктайғақ күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Еске салайық, 1 қазан күні Қарағанды облысында алғашқы қар жауды. 

Наверх