Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар мен жаңбыр: Қазақстанның екі өңірінде ауа райы күрт бұзылады

8 Қазан 2025, 12:56
662
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ауа райы күрт бұзылады. Болжам бойынша 9-11 қазан аралығында кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Шығыста және орталықта тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 9-11 қазан аралығында еліміздің көпшілік өңірінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Тек болжам мерзімінің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар еліміз бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Ал шығыста және орталық өңірлерде тұман түседі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 қазанда Астана мен еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы