Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар мен қатты жел: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды?

6 Қаңтар 2026, 21:16
271
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 7 қаңтарға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Ескерту 6 қаңтар сағат 20:00-ден 7 қаңтар сағат 20:00-ге дейін күшінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана

7 қаңтарда елордада аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар мен бұрқасын болжанады, жолдарда көктайғақ болады. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысы

Облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Павлодарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болып, жел екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Петропавлда да жаяу бұрқасын болжанып отыр.

Түркістан облысы

Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы асуларда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкент пен Түркістанда кей уақытта тұман болады.

Атырау облысы

Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Күндіз шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырауда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Ақтөбе облысы

Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтөбеде де тұман болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың солтүстік-батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады, басқа аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Оралда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қар, бұрқасын және көктайғақ болжанады, шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Семейде түнде қар жауып, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, солтүстігінде кей уақытта қалың қар жауады. Түнде жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Өскеменде түнде қар жауып, бұрқасын болады.

Ұлытау облысы

Түнде облыстың шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, орталығы мен солтүстігінде тұман болады. Жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қар мен бұрқасын болжанады, басқа аудандарда тұман күтіледі. Жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағандыда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысы

Облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылордада кей уақытта тұман болады.

Қостанай облысы

Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болжанып отыр.

Қостанайда да тұман күтіледі.

Синоптиктер тұрғындар мен жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, мүмкіндігінше жолға шығуды шектеуді және қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.

Еске салсақ, "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде, яғни 7, 8 және 9 қаңтар күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы күтілетінін жариялады.

Өзгелердің жаңалығы