Қар көшкінін алдын алу жұмысы жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 Ақпан 2023 2023, 19:57
АВТОР
 ТЖМ баспасөз қызметі 16 Ақпан 2023 2023, 19:57
16 Ақпан 2023 2023, 19:57
1033
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстары  жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары «Өскемен-Алтай», «Өскемен – Тарғын – Самара» жолдарында қар көшкінін алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген 4 профилактикалық жұмыс нәтижесінде 5050 текше метр қар массасы шығарылған. Шығыс Қазақстанда барлығы 497 көшкін жинағы бар, оның ішінде 325 ошақ қауіп төндіреді. Қыс мезгілінің басынан бері  64 жарылыс жұмысы жүргізіліп 256 110 текше метр қар төмен түсірілген.

Наверх