Риддер әкімдігінің мәліметінше, Громотуха өзенінің шатқалында қар көшкінінің өздігінен түсуіне байланысты кеше су беру тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай орнына әкімдіктің, арнайы қызметтердің өкілдері жедел түрде барды. Жер асты су жүйесін іске қосу жұмыстары басталды.
Қазір жөндеу-іске қосу жұмыстары жалғасуда. Судың қысымы көтеріліп келеді. Таңертең сумен жабдықтау іске қосылды. Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауды, түсіністікпен қарауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жағдай тұрақты бақылауда, - деп хабарлады қала әкімдігі.