Шығыста қар көшкінінің қаупі сейілмей тұр

15 Қаңтар 2019, 22:26
4084
Бөлісу:
Шығыста қар көшкінінің қаупі сейілмей тұр

ШҚО, BAQ.KZ. 15-18 қаңтар аралығында тағы көшкін жүруі мүмкін. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазселденқорғау» ММ ШҚОПБ ақпараты бойынша, ауа-райының қолайсыздығы мен температураның жоғарылауына, желдің күшейуіне байланысты 2019 жылғы қаңтардың 15-18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қар көшкіні орын алуы мүмкін", – деп көрсетілген ТЖД хабарламасында.

Жалпы өңірде қар көшкіні болатын негізгі үш қауіпті аумақ бар екен: Өскемен-Таулы үлбі-Северное автожолының 31-37 шақырымы, Өскемен-Самар автожолының 101-109 шақырымы, Өскемен-Алтай тас жолының 58-65 шақырымында.

9 қаңтар күні Өскемен-Таулы үлбі-Северное автожолында көлемі 4300 текше метр болатын көшкін түсіп, жолды жауып қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы