Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, көктайғақ, бұрқасын: 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

17 Қараша 2025, 09:37
511
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қазгидромет Астана мен Алматы және тағы 9 қаланың халқына ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды учаскелер өтетін республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде  жауын-шашын, қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, солтүстік-батыста қарлы боран соғады.

Республика бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

2025 жылдың 17 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы