Қар, боран және көктайғақ: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарды қолайсыз ауа райында сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 pixabay 22 Қазан 2026, 02:34
22 Қазан 2026, 02:34
211
Фото: pixabay

«Қазгидромет» бүгінге, 22 қазанға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Астанада солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Алматы және Жетісу облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде оның екпіні секундына 23-28 метрге дейін барады. Таулы аудандарда тұман түседі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанса, Қарағанды, Батыс Қазақстан және басқа да өңірлерде тұман күтіледі. Бірқатар облыста өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталады.

Синоптиктер тұрғындарды қолайсыз ауа райында сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Наверх