Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, боран және көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 23:28
247
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ертең, 15 желтоқсанда Қазақстанның 15 облысында және Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Жезқазған қаласында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі, күннің бірінші жартысында таулы аймақтарда қалың қар жауады. Түнде және күндіз қарлы боран мен көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Шымкент қаласында түнде және таңертең кейде қатты жауын-шашын, көктайғақ және төменгі боран күтіледі. Түркістан қаласында да жауын-шашын, көктайғақ және төменгі боран болжанған.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Қостанай қаласында қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде қар жауып, төменгі боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Солтүстік-батыс желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтау қаласында түнде қар, төменгі боран және көктайғақ болжанған.

Ақтөбе облысында түнде боран соғады, күндіз солтүстік, батыс және орталық аудандарда боран күшейеді. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Ақтөбе қаласында төменгі қарлы боран күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с. Орал қаласында да қар мен боран күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз қар, кей жерлерде қалың қар, көктайғақ және төменгі боран болады. Облыстың батысы мен орталығында тұман түседі. Талдықорған қаласында таңертең және түстен кейін тұман күтіледі.

Жамбыл облысында кейде тұман түседі. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ болжанған. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Алматы қаласында кейде тұман түсіп, таңертең және түстен кейін көктайғақ пайда болады. Қонаев қаласында да осындай жағдай күтіледі. Жел кейде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар қаласында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын күшейіп, кей аудандарда қалың қар жауады. Тұман түсіп, желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Өскемен қаласында да қар, боран және көктайғақ болады.

Абай облысында түнде қар, боран және көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қалың қар жауады. Семей қаласында таңертең және түстен кейін қарлы боран болжанған.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, төменгі боран соғады. Желдің екпіні түнде 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауып, боран мен көктайғақ болады. Қызылорда қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында қар, боран және көктайғақ болжанған. Желдің екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Астана қаласында көктайғақ болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы