Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, боран, көктайғақ: республика бойынша дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 21:49
113
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 17 желтоқсанға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында қар, боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Көптеген өңірлерде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада қар жауып, жолдарда көктайғақ болады, жел күшейеді. Алматыда тұман мен көктайғақ күтіледі, Шымкентте де тұман болуы ықтимал.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және басқа да облыстарда қар мен боран болжанып отыр. Кей өңірлерде қалың қар жауып, жол қозғалысы қиындауы мүмкін.

Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда сақ болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеруге және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы