Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, боран, көктайғақ: 10 қарашаға арналған ауа райы

9 Қараша 2025, 15:19
340
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

"Қазгидромет" 10 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын сақталады, ал шығыс өңірлерде кей жерлерде қатты жауын-шашын, негізінен қар түрінде түседі.

Республиканың солтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі.

Сонымен қатар ел бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы