"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соның әсерінен қар жауып, боран болады.
30–31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жаңбыр аралас қар жауады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады.
Республика бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді.
30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы минус 2 градустан плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылы болады.