Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қар, боран: 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгiн, 15:15
189
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет"  12 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ әкеледі, – делінген РМК "Қазгидромет" хабарламасында.

Түркістан облысында түнде күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, ал күндіз облыстың шығысында қалың қар жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы