"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен: еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, 30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қар аралас жауын және көктайғақ болады деп болжануда.
Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа райы басым болады. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.