"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 2025 жылғы 23 қарашаға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның солтүстігінде, күндіз орталығында жексенбіде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, – деп жазылған синоптиктердің болжамында.
Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжанады.
Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республикамыздың басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте жел екпін алады деп болжанады.