Ертең, 1 қыркүйекте елдің 18 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында күндіз 35-38°С дейін қатты ыстық болады.
Бірқатар өңірлерде, соның ішінде Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау, Түркістан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл күтіледі.
Көптеген аймақтарда желдің екпіні 15–23 м/с дейін күшейеді.
Абай, Қарағанды, Павлодар, ШҚО аумақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаңбыр қарға ұласады.
Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Мамандар ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.