Қаптамадағы шырын қауіпті ме? Маман жауап берді

14 Наурыз 2024, 14:00
3680
Бөлісу:
Қаптамадағы шырын қауіпті ме? Маман жауап берді
Фото: pixabay.com

Қамтамадағы шырынның қаупі туралы түрлі пікір айтылып жатады. Расымен де солай ма? Мемлекеттік білім беру университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің теориялық және қолданбалы химия кафедрасының аға оқытушысы Наталья Юрова осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір қаптамадағы шырындардың көпшілігі – өндіріс барысында концентрацияланған шикізатты қалпына келтіру арқылы жасалады. Мұндай концентратталған шикізат әдетте суды буландыру арқылы дайындалады, - деп атап өтті сарапшы "Известияға" берген сұхбатында.

Оның айтуынша, зауытта концентрацияланған шырын судың қажетті мөлшерімен сұйылтылады. Сондай-ақ әртүрлі компоненттер қосылып, зарарсыздандырылады. Қазір өндірушілер мұндай шырындардың басым көпшілігіне қосымша тәттілендіргіштерді қоспайды. Шырындарда көбінесе қант болмайды. Өйткені ол сусын жасалатын жемістердің құрамында болады.

Юрова атап өткендей, қаптамадағы шырынның жаңа дайындалған шырынға қарағанда адамға тигізер пайдасы аз. Дегенмен оның құрамында қауіпті химиялық заттар болмайды. Себебі мұндай қоспалар өндірушіге еш пайда әкелмейді. Керісінше, сатып алушылардың алдында беделіне нұқсан келуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы